БҚО-да аң аулауға шыққан ер адам абайсызда атып өлтірді

Мылтығын тазаламақ болған сәтте шүріппесін абайсызда басып жіберген

БҚО-да аң аулауға шыққан ер адам абайсызда атып өлтірді
Фото: ЖИ арқылы жасалды/Google Gemini

Батыс Қазақстан облысында аң аулауға шыққан ер адам абайсызда танысын атып өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Екі таныс далада аң аулап жүрген. Бірнеше қоян атқаннан кейін олардың бірі мылтығын тазаламақ болған. Сол сәтте шүріппені абайсызда басып алған. Атылған оқ жанында тұрған танысының ішіне тиіп, оқиға орнында көз жұмды.

Тергеу барысында қайғылы оқиға қауіпсіздік талаптарының өрескел бұзылуынан болғаны анықталды. Оқ атқан азамат абайсызда адам өліміне әкеп соқтырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот айыпталушының өкініш білдіруін, кінәсін толық мойындауын және кәмелетке толмаған балаларының бар екенін ескерді. Нәтижесінде оған пробациялық бақылаумен 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.