3 шілдеде Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Елдің бірқатар өңірінде нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауылды жел, шаңды дауыл мен сел қаупі сақталады

3 шілдеде Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Фото: © istockphoto.com

3 шілдеге Қазақстанның барлық өңіріне дауылды ескерту жариялады. Елдің бірқатар аймағында нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ, екпінді жел және дауыл күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Қарағанды облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және секундына 15-20 метрге дейін жететін шквал болады.

Ұлытау облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ жауып, желдің екпіні 15-18 м/с-қа дейін күшейеді.

Атырау облысында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Алматы қаласы мен Алматы облысында қатты жаңбырға байланысты Іле және Күнгей Алатауында сел жүру қаупі бар. Жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ және желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейетін шквал болжанады.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай және секундына 23 метрге дейін жететін шквал күтіледі.

Маңғыстау облысында жаңбыр мен найзағай болады. Желдің екпіні 15-18 м/с-қа дейін жетеді.

Ақтөбе облысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15 м/с-қа дейін күшейеді.

Абай облысында жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай және бұршақ болжанып отыр. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі. Облыстың батысында жоғары, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Жамбыл облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және желдің екпіні 23 м/с-қа дейін жететін шквал күтіледі. Өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Астанада кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ түсіп, шквал болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Түркістан облысында өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және секундына 15-20 метрге дейін жететін шквал болады.

Қызылорда облысында жаңбыр, найзағай, шквал және шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Ақмола облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін жететін шквал болжанады. Облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында жаңбыр мен найзағай күтіледі, таулы аудандарда қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.