02.07.2026, 12:29
Жаңалықтар
Түркістан облысында полиция капитаны қызмет барысында қаза тапты
Ведомство марқұмның отбасына қолдау көрсетеді
Фото: gov.kz
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Түркістан қаласында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан полиция капитаны Бауыржан Қонысбековтың жақындарына қайғырып көңіл айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан Түркістан қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының аға инспекторы полиция капитаны Бауыржан Қонысбековтің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Ішкі істер министрлігі марқұмның отбасына жан-жақты қолдау көрсетеді», - деді Ержан Сәденов.
Министрліктің басшылығы қаза тапқан қызметкердің отбасына заң аясында қажетті барлық көмек пен әлеуметтік қолдаудың толықтай көрсетілетінін жеткізді.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды