Астана күніне арналған мерекеде ХҚО-лар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды

7 шілдеден бастап ХҚО-лар мен мамандандырылған ХҚО-лар қалыпты жұмыс кестесіне көшеді

Астана күніне арналған мерекеде ХҚО-лар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды
Фото: Azattyq Rýhy

Астана күніне арналған мереке күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары қалай жұмыс істейтіні белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Белгілі болғандай, Астана күнінде, яғни 6 шілдеде халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚО-лар жұмыс істемейді.

Ал 4 шілде, яғни сенбі күні кезекші ХҚО мен мамандандырылған ХҚО-ларда қызмет көрсетіледі. Кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды. Мамандандырылған ХҚО-ларда өтініштерді қабылдау сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін, ал дайын құжаттарды беру сағат 13:00-ге дейін жүзеге асырылады.

7 шілдеден бастап ХҚО-лар мен мамандандырылған ХҚО-лар қалыпты жұмыс кестесіне көшеді.

Кезекші ХҚО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың өзекті тізімін Мемлекеттік корпорацияның Instagram-дағы ресми парақшасынан, сондай-ақ 1414 байланыс орталығы арқылы білуге болады.