02.07.2026, 11:46
Жаңалықтар
Орталық сайлау комиссиясы сайлау науқанының кезеңдерін жариялады
13 шілде күнгі сағат 18.00-ге дейін партиялық тізімдерді ұсыну процесі жүреді
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев
Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын арналған сайлаудың жоспарын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ОСК мәліметінше, 1 шілде күні сайлау уақыты тағайындалған болса, 2 шілдеден – 13 шілде күнгі сағат 18.00-ге дейін партиялық тізімдерді ұсыну процесі жүреді.
Ал ары қарайғы барысы төмендегідей:
- 23 шілде күні сағат 18.00-ге дейін партиялық тізімдерді тіркеу;
- 11 шілдеге дейін аумақтық сайлау комиссияларының құрамдарын, олардың орналасқан жерлерін жариялау;
- 16 шілдеге дейін УСК құрамдарын, сайлау учаскелерінің шекараларын және сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін жариялау;
- 23 шілдедегі сағат 18.01-ден бастап – 22 тамыздағы сағат 00.00-ге дейін сайлау алдындағы үгіт;
- 2 тамыз күні – учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша сайлаушылар тізімдерін ұсыну;
- 7 тамыздан бастап сайлаушыларды сайлаушылар тізімдеріндегі өздері туралы деректермен таныстыру;
- 22 тамыз – Тыныштық күні;
- 23 тамыз – Дауыс беру күні.
Көп оқылған
16.08.2026, 06:21
Қостанайда жүзе алмаған әке қызын құтқармақ болып қаза тапты
16.08.2026, 16:06
17 тамыз күні ауа райы қандай болады
16.08.2026, 16:37
БҚО-дағы Ми-8 тікұшағының апатына қатысты іс сотқа жолданды
16.08.2026, 10:38
Астана – Щучинск тасжолындағы апат: жүргізуші жолда ұйықтап кеткен
16.08.2026, 08:47
Конгода Эболадан әр 30 минут сайын бір адам көз жұмады