Жаңбыр мен аптап қатар келеді: 30 маусымға арналған ауа райы болжамы
Еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр мен найзағай болжанса, оңтүстік және шығыс аймақтарда аптап ыстық сақталады
30 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсіп, дауылды жел соғады. Ал елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында аптап ыстық сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада күн құбылмалы болады. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +15…+17, күндіз +24…+26 градус.
Алматыда күн құбылмалы. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Желдің екпіні күшейеді. Температура түнде +21…+23, күндіз +33…+35 градус.
Шымкентте жаңбыр мен найзағай болжанады. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +19…+21, күндіз +31…+33 градус.
Ақтөбеде күн бұлтты болады. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +9…+11, күндіз +18…+20 градус.
Ақтауда жаңбыр мен найзағай күтіледі. Желдің екпіні күшейеді. Температура түнде +18…+20, күндіз +24…+26 градус.
Атырауда түнде жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +14…+16, күндіз +25…+27 градус.
Жезқазғанда таңертең және күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел күшейеді. Температура түнде +15…+17, күндіз +27…+29 градус.
Қарағандыда жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде +13…+15, күндіз +26…+28 градус.
Көкшетауда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел күшейеді. Температура түнде +13…+15, күндіз +22…+24 градус.
Қонаевта күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Желдің екпіні күшейеді. Ауа температурасы түнде +21…+23, күндіз +35…+37 градус.
Қостанайда күн бұлтты болады. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Температура түнде +12…+14, күндіз +21…+23 градус.
Қызылордада жауын-шашын болмайды. Күндіз жел күшейеді. Температура түнде +16…+18, күндіз +29…+31 градус.
Павлодарда жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел күтіледі. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +29…+31 градус.
Петропавлда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ түсіп, дауылды жел соғады. Температура түнде +13…+15, күндіз +22…+24 градус.
Семейде жаңбыр мен найзағай болжанады. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +33…+35 градус.
Талдықорғанда таңертең және күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Температура түнде +18…+20, күндіз +34…+36 градус.
Таразда кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін. Температура түнде +20…+22, күндіз +30…+32 градус.
Түркістанда түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +21…+23, күндіз +33…+35 градус.
Оралда күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Кей уақытта нөсер жауып, бұршақ түсіп, дауылды жел соғады. Температура түнде +9…+11, күндіз +18…+20 градус.
Өскеменде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ түсіп, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +20…+22, күндіз +33…+35 градус.