Іле Алатауына шыққан жасөспірім қиын жағдайға ұшырады (ВИДЕО)

Жасөспірім 112 пультіне хабарласып, көмек сұраған

Іле Алатауына шыққан жасөспірім қиын жағдайға ұшырады (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Іле Алатауына шыққан жасөспірім күтпеген жағдайға қиындыққа ұшырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы облысының Қарасай ауданында ТЖМ «Барыс» республикалық құтқару қызметінің құтқарушылары Треугольник шыңынан (биіктігі 3650 метр) өздігінен түсе алмаған 17 жастағы жасөспірімге көмек көрсетті.

«Жасөспірім 112 пультіне хабарласып, аяқ бұлшықеттерінің тартылуына байланысты төмен түсе алмай тұрғанын айтқан. Оның нақты орналасқан жері анықталмағанына қарамастан, құтқарушылар онымен телефон арқылы тұрақты байланыста болды. Үлкен Алматы көлі маңына жеткен құтқарушылар Треугольник шыңына қарай бет алып, іздестіру-құтқару жұмыстары барысында жасөспірімді тауып, оны аман-есен қалаға дейін жеткізді. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ», – деп жазады ҚР ТЖМ.