Нұр-Сұлтанда Сарайшық көшесі 2 тамызға дейін жабылады
Көлік жүргізушілері жол жүру бағытын алдын-ала жоспарлауы қажет

Нұр-Сұлтандағы Сарайшық көшесі 2 тамызға дейін жабылады. Көлік жүргізушілері кептеліске түспеуі үшін жол жүру бағытын алдын-ала жоспарлауы қажет, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарлауынша, Сарайшық көшесі бойындағы Қарасақал Ерімбет көшесінен Жиембет жырау көшесіне дейінгі учаскеде жол-құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Осыған байланысты 26 шілде мен 2 тамыз аралығында осы учаскедегі жол қозғалысы тоқтатылады.
«Қала тұрғындары мен қонақтары жолда кептеліс болмас үшін өз бағыттарын алдын ала жоспарлағаны жөн. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды өтінеміз», - делінген хабарламада.