$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.07.2020, 21:13
Жаңалықтар

Алты облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласында найзағай ойнайды

Алты облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан қаласы мен 6 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

27 шілдеде Ақмола облысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, желдің күші 15-20 м/с жетеді. Нұр-Сұлтан мен Көкшетау қалаларында найзағай ойнайды.

Маңғыстау облысында кей жерлерде найзағай ойнап, желдің күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз оңтүстікте 40 градус ыстық болады.

Павлодар облысында күн күркіреп, найзағай ойнайды, желдің күші 18 м/с жетеді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Қостанай облысында күн күркіреп, кей жерлерде дауыл соғып, бұршақ жауады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, желдің күші 20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында күн күркіреп, кей жерлерде бұршақ жауады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Қызылорда облысында жел күшейіп, өрт қаупі сақталады.

Серіктес жаңалықтары