27 маусымға арналған ауа райы болжамы

лдің бірқатар өңірінде аптап ыстық сақталып, жаңбыр, найзағай және қатты жел күтіледі

27 маусымға арналған ауа райы болжамы
Фото: © istockphoto.com

27 маусымда Қазақстанда жаздың аптап ыстығы сақталады. Еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы +35...+41 градусқа дейін көтеріледі. Көптеген өңірде күндіз ауа температурасы +25 градустан жоғары болады. Солтүстік, батыс және орталық аймақтардың жекелеген бөліктерінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауылды жел және желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +19...+21, күндіз +32...+34 градус.

Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +22...+24, күндіз +34...+36 градус.

Шымкентте құбылмалы бұлтты. Күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +21...+23, күндіз +36...+38 градус.

Ақтөбеде құбылмалы бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +16...+18, күндіз +24...+26 градус.

Ақтауда құбылмалы бұлтты. Таңертең және күндіз кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +19...+21, күндіз +25...+27 градус.

Атырауда құбылмалы бұлтты. Түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +27...+29 градус.

Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +32...+34 градус.

Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +31...+33 градус.

Көкшетауда құбылмалы бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +17...+19, күндіз +29...+31 градус.

Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +21...+23, күндіз +37...+39 градус.

Қостанайда бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ, дауыл күтіледі, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +25...+27 градус.

Қызылордада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +23...+25, күндіз +37...+39 градус.

Павлодарда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +16...+18, күндіз +33...+35 градус.

Петропавлда құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ, дауыл күтіледі, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +27...+29 градус.

Семейде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +16...+18, күндіз +33...+35 градус.

Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +35...+37 градус.

Таразда құбылмалы бұлтты. Күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +21...+23, күндіз +33...+35 градус.

Түркістанда құбылмалы бұлтты. Күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +23...+25, күндіз +39...+41 градус.

Оралда құбылмалы бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ, дауыл күтіледі, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +13...+15, күндіз +21...+23 градус.

Өскеменде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +14...+16, күндіз +30...+32 градус.