Әлем чемпионаты: Неймар бүгін түнде алаңға Шотландияға қарсы ойында алаңға шығуы мүмкін
Ол жарақатына байланысты әлем чемпионатындағы алғашқы екі ойынға қатыса алмаған
Әйгілі бразилиялық футболшы Неймар бүгін түнде әлем чемпионатының топтық кезеңінде Шотландияға қарсы ойында алаңға шығуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
34 жастағы шабуылшы жарақатына байланысты әлем чемпионатындағы алғашқы екі ойынға қатыса алмаған.
«Неймардың жағдайы жақсы. Ол апта бойы ойдағыдай жаттығып, командадағы өзге футболшылармен бірге алаңға шығуға дайындалды. Оның қайта оралғанына өте қуаныштымыз. Өзінің шеберлігінің арқасында ол командаға көп пайдасын тигізе алады. Оны негізгі құрамда шығаруға бола ма деген сұраққа келсек, ол ойнауға дайын. Жағдайы жақсы, жаттығу барысында да өзін жақсы қырынан көрсетті. Соңғы уақытта Неймар өте жауапкершілікпен қарап жүр. Ол командаластарымен жақсы тіл табысады және мүмкіндігінше тезірек қатарға қосылуға ұмтылуда. Бұл үшін оған ризамын. Тіпті алаңға шықпаған күннің өзінде ол өзінің тәжірибесі мен ойынды терең түсінуінің арқасында командаға көмектесіп, жас ойыншыларға қолдау көрсетіп жүр. Неймар өз міндетін жоғары деңгейде атқаруда», – деді Бразилия ұлттық құрамасының бас бапкері Карло Анчелотти.