Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді: сәрсенбіге дауылды ескерту жарияланды

24 маусымда еліміздің бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ, дауыл мен шаңды дауыл күтіледі. Кей аймақтарда аптап ыстық сақталып, өрт қаупі жоғары деңгейде болады

Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді: сәрсенбіге дауылды ескерту жарияланды
Фото: © istockphoto.com

Қазақстанда 24 маусымға арналған дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Жетісу облысының таулы аудандарында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады. Облыстың солтүстігінде, шығысында және таулы аймақтарында желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Күндіз қатты ыстық болып, ауа температурасы 35-38 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың орталығында, солтүстігінде және оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, ал шығысы мен батысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Талдықорғанда күндіз 35-37 градус ыстық болады. Қалада да жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың оңтүстігінде аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында аздаған жаңбыр мен найзағай болжанған. Желдің екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Қалада да жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысады. Кей жерлерде екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз ауа температурасы 35-37 градусқа дейін көтеріледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, ал солтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Алматыда күндіз өткінші жаңбыр мен найзағай болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15 м/с-қа дейін жетеді. Қалада жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта да күндіз өткінші жаңбыр мен найзағай болжанған. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы шамамен 35 градусқа дейін көтеріледі. Өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Іле Алатауының таулы бөліктерінде (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні кей уақытта 15-20 м/с-қа жетеді.

Ақтөбе облысының батысы мен солтүстігінде түнде жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз облыстың басым бөлігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі, солтүстігі мен шығысында бұршақ түсіп, дауыл болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан және батыстан соғады. Күндіз солтүстік пен шығыста екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың көп бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде жаңбыр мен найзағай болады, күндіз бұршақ түсіп, дауыл соғуы мүмкін. Желдің екпіні 15-18 м/с болады.

Маңғыстау облысының солтүстігі мен орталығында күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Осы аумақтарда шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан және оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда да жоғары өрт қаупі күтіледі.

Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұршақ, дауыл және шаңды дауыл болуы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы 35-36 градусқа дейін көтеріледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, ал солтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі бар. Павлодарда жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында түнде жаңбыр жауып, найзағай болады. Облыстың оңтүстігі мен шығысында бұршақ пен дауыл күтіледі. Күндіз шығысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел батыстан және солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с, түнде кей уақытта 23 м/с-қа дейін күшейеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, ал оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі бар. Жезқазғанда түнде жаңбыр жауып, найзағай болады. Қалада жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсіп, дауыл соғады. Жел солтүстік-батыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады. Екпіні 15-20 м/с, оңтүстікте кей уақытта 23 м/с болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі күтіледі, ал батысында, шығысында және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Желдің екпіні түнде 15 м/с-қа дейін жетеді. Қалада жоғары өрт қаупі сақталады.