Ереван қалалық кеңесінің отырысында жаппай төбелес болды (ВИДЕО)

Отырыс тәртібі бұзылған

Ереван қалалық кеңесінің отырысында жаппай төбелес болды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Армения астанасы Еревандағы Ақсақалдар кеңесінің (қалалық кеңес) отырысы кезінде жаппай төбелес шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жанжал «Мать Армения» оппозициялық фракциясы биліктегі партияны жуырдағы парламенттік сайлауда дауыстарды ұрлады деп айыптағаннан кейін басталған. Оппозиция өкілдерінің бір бөлігі сайлауға кәсіпкер әрі саясаткер Гагик Царукян жетекшілік ететін «Процветающая Армения» партиясының тізімімен қатысқан.

Бұған жауап ретінде Ереван вице-мэрі әрі биліктегі «Гражданский договор» партиясының мүшесі оппозициялық «Мать Армения» фракциясының депутаты Геворк Степаняннан залдан шығуды талап еткен. Сонымен қатар ол «Мать Армения» блогының жетекшісі Андраник Теванянға мемлекеттік опасыздық бойынша айып тағылғанын еске салған.

Алайда Степанян бұл мәлімдемеге қарсы шығып, мемлекеттік опасыздық фактісін растайтын сот шешімі жоқ екенін айтқан. Қысқа уақытқа созылған сөз таласы мен айқайдан кейін билік партиясының өкілдерінің бірі «Ана Армения» фракциясының жетекшісі Манук Сукиасянға қарай бөтелке лақтырған. Осыдан соң депутаттар арасында жаппай төбелес басталған.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер туралы әзірге ресми ақпарат жарияланған жоқ. Әлеуметтік желілерде тараған видеоларда кеңес мүшелерінің бір-біріне жұдырық ала жүгіріп, отырыстың тәртібі толықтай бұзылғаны көрінеді.