Алматыда Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: үш адамды өлтірген Александр Пак 10 жылға сотталды
Қайғылы оқиға 21 наурыз күні таңғы сағат 03:30 шамасында болған
Алматы қаласында Әл-Фараби даңғылындағы резонансты жол апаты бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әл-Фараби даңғылында болған жол апатына қатысты іс бойынша Zeekr автокөлігінің жүргізушісі Александр Пак кінәлі деп танылды. Оның кінәсінен үш адам қаза тапты.
Сот оған 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жаза ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтеледі. Сонымен қатар сот шешімімен ол өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылды.
Мемлекеттік айыптаушы да дәл осындай жаза тағайындауды сұраған болатын.
Айта кетейік, қайғылы оқиға 21 наурыз күні таңғы сағат 03:30 шамасында болған. Тергеу деректеріне сәйкес, көлікке жалған мемлекеттік нөмірлер тағылған, ал жүргізуші мас күйінде 219 км/сағ жылдамдықпен жүрген. Ол қарсы бағытқа шығып кетіп, Mercedes көлігімен соқтығысқан. Оқиға орнында 29 жастағы жүргізуші мен 20 және 22 жастағы екі жолаушы көз жұмған.
Сотталушы апаттан кейін ауруханаға жеткізіліп, ем алғаннан кейін сәуір айында тергеу изоляторына қамалды.
Сот процесі барысында кейбір жәбірленушілер айыпталушыны кешіргенін және өтемақы төленгенін айтып, оны бас бостандығынан айырусыз жазалауды сұраған. Алайда жәбірленушілердің бірі кешірім беруден бас тартқан.
Іс қоғамда үлкен резонанс тудырды.