Өскеменде аялдамада отырған ер адам қайтыс болды

Дәрігерлер марқұмның неден көз жұмғанын анықтады

Өскеменде аялдамада отырған ер адам қайтыс болды
Фото: ЖИ арқылы жасалды/Google Gemini

Өскеменде аялдамада алаңсыз отырған ер адамның аяқастынан жүрегі қысып, қайтыс болып кетті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі YK-news.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғылы оқиға бүгін таңертең Абай және Шәкәрім даңғылдарының қиылысындағы қоғамдық көлік аялдамасында болды.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, сағат 06:45-те №16 жедел медициналық жәрдем бригадасынан «102» арнасына аялдамада тіршілік белгілері жоқ ер адамның табылғаны туралы хабарлама түскен.

«Марқұмның 66 жастағы қала тұрғыны екені анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, өлімге жүрек жеткіліксіздігі себеп болған. Ер адам жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін көз жұмған», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.