25.07.2020, 17:51
Жаңалықтар
Елімізде коронавирусты жұқтыру қарқыны 2,1%-ға дейін төмендеді
Карантинге дейін бұл көрсеткіш 4 пайыз болған
Елімізде коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бәсеңдей бастады деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия. 1-25 шілде аралығындағы жағдай бойынша аурудан жазылып шыққандар көрсеткіші 64 пайызға жуықтаған.
Вирус жұқтырудың тәуліктік өсімі 4-тен 2,1 процентке дейін төмендеді. Жедел жәрдем шақыру 35 процентке дейін азайса, COVID-19 індеті бойынша дәрігер шақыртқандардың қарасы 37 процентке қысқарған. Жансақтау бөлімінің жүктемесі 57 процентке дейін, ал провизорлық және стационарлық төсек-орындарының жүктемесі 54 процентке дейін азайды.
Коронавирус бойынша еліміздегі жалпы ахуал:
- COVID-19 індетінен жазылғандар – 63,8%
- коронавирус жұқтырудың тәуліктік өсімі – 2,1%
- жедел жәрдем шақыру – 35%
- жансақтау бөлімінің жүктемесі – 57%
- провизорлық және стационарлық орындардың жүктемесі – 54%.
Көп оқылған
01.11.2026, 06:38
Вакцинасы жоқ қауіпті вирус: Конгода әлемді алаңдатқан індеттен 5 мыңнан астам адам қайтыс болды
01.11.2026, 07:19
Қазақстанда 1 қарашаға дауылды ескерту жарияланды: үсік, қар және қатты жел күтіледі
01.11.2026, 11:05
Көлігіне бейәдеп сөз жазған Астана тұрғыны 10 тәулікке қамауға алынды
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
01.11.2026, 08:29
Астанада мектептегі жиналыстан кейін мұғалім ауруханаға түсті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды