25.07.2020, 16:30
Жаңалықтар
30 шілде Қырғызстанда қаралы күн деп жарияланды
Елде коронавирустан қайтыс болғандар саны 1200 адамнан асты
Қырғызстан халқы 30 шілде күні коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандарды еске алып, аза тұтады деп хабарлайды 24.kg.
«31 шілдеде біз Құрбан айт мерекесін атап өтеміз. Ал, 30 шілде елде ұлттық аза тұту күні болып жарияланды», - деді ел президенті Сооронбай Жээнбеков журналистерге берген сұхбатында.
Мемлекет басшысы қайтыс болғандардың туған-туыстарына көңіл айтты.
«Марқұмдардың отбасына қайғыра отырып көңіл айтамын. Қиындыққа тап болған, туғандарынан айрылған әрбір қырғызстандықтың жанайқайы менің жүрегімде», - деді ол.
Айта кетейік, Қырғызстанда коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар саны 1211 адамға жетті.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 07:27
Қар аралас жаңбыр, тұман, жел: 4 қазанға арналған ауа райы болжамы
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)