Қазақстанның басым бөлігінде күн суытады
«Қазгидромет» мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады
Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей аймақта жауын-шашын жауады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, кей жерлерде жел күшейеді, тұман, көктайғақ, солтүстік-батыста бұрқасын болып, оңтүстікте найзағай ойнауы мүмкін.
Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақтөбе облысының кей тұсында бұрқасын, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей маңына тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан облысының кейбір аумағында жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз найзағай болуы мүмкін. Батыс Қазақстанда түнде және таңертең, ал Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Алматы облыстарының кей өңірін тұман басады.