Канело Ковалевті нокаутқа түсірді

Жарияланған:
03.11.2019, 13:24

Кездесу 11-ші раундта мерзімінен бұрын аяқталып, Cауль Альварес төрт салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды

© REUTERS

Мексикалық Сауль Канело Альварес (52-1-2, 35 КО) ресейлік Сергей Ковалевті (34-3-1, 29 КО) ауыр нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

Жартылай ауыр салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін болған жекпе-жек АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласының MGM Grand аренасында өтті.
Кездесу 11-ші раундта мерзімінен бұрын аяқталып, Канело Ковалевті нокаутқа түсіріп, төрт салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды. 
29 жастағы Альварес кәсіпқой шаршы алаңда 53 кездесуде (35 нокаут) жеңімпаз атанып, бір рет жеңілген, ал екі кездесуді тең аяқтаған. Ал Ковалев 34 кездесуде (29 нокаут) жеңіске жетіп, үш рет жеңілген, сондай-ақ бір кездесуде тең түскен. 
 

Біздің ең маңызды және қызықты жаңалықтарды біздің Telegram-каналдан оқыңыз
Өзге де қызықты мақалалар
5 жылда Қазақстанға 130-дан астам адам экстрадицияланды – Тұрғымбаев
Сапарбаев: Біз жемқорлықтың барын ашық мойындауымыз керек
Ауыз су мәселесі ұлттық қауіпсіздік деңгейіне дейін теңестіріледі - БҰҰ

Сұхбат
Ресейде 800-900 мың қазақ өмір сүріп жатыр деген мәлімет бар, кей дереккөзде 1,5 миллион деп жазылған
«Абайдың 45 сұрағына» Арыстанбек Мұхамедиұлы жауап берді 
Абайдың 45 сұрағына алғаш болып жауап берген - Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов
Бүгінде Кореяда жұмыс істеп жатқан қазақтардың саны артып келеді. Күнкөріс қамымен шетел асып барғандардың көпшілігі визасыз жұмыс істеп жүр.