Астанада құрылыс компаниясынан 80 млн теңге бопсалаған адвокат ұсталды

Екі азамат екі апта бойы кәсіпкерге жүйелі түрде психологиялық қысым көрсетіп келген

Астанада құрылыс компаниясынан 80 млн теңге бопсалаған адвокат ұсталды
Фото: © istockphoto.com

Астана қаласында құрылыс компаниясының басшысынан ірі көлемде қаражат талап еткен екі күдікті құрықталды. Полиция таратқан мәліметке сүйенсек, ұсталғандардың бірі — адвокат, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Екі азамат екі апта бойы кәсіпкерге жүйелі түрде психологиялық қысым көрсетіп келген. Тергеу нұсқасы бойынша, олар бопсалау әдісін қолданып, талап ететін ақша көлемін күннен-күнге өсіріп отырған.

Күдіктілер құрылыс компаниясының іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпараттарды әлеуметтік желілерде жариялаймыз деп қорқытқан. Осылайша, олар кәсіпкерден талап еткен соманы 80 миллион теңгеге дейін жеткізген.

Компанияның заңды өкілі полицияға арызданғаннан кейін, тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларына кірісті. Күдіктілер сұраған ақшаны алып жатқан сәтте криминалдық полиция қызметкерлері тарапынан ұсталды.

«Жедел әрекет ету барысында екі күдікті де қолға түсті. Тексеру кезінде олардың бірі алқабилер мүшесі немесе заңды қорғаушы, яғни адвокат екені анықталды», — деп мәлімдеді құқық қорғау органдары.

Қазіргі уақытта бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды. Ұсталған екі азамат та уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция оқиғаның өзге де мән-жайларын анықтап жатыр.