Тоннель салынады: Астананың орталық көшелерінің бірі жарты жылға жабылатын болды

Алматы көшесінің бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Тоннель салынады: Астананың орталық көшелерінің бірі жарты жылға жабылатын болды
Фото: ЖИ арқылы жасалды/Google Gemini

Астананың сол жағалау бөлігіндегі орталық көшелердің бірі жарты жылға жабылатын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, «Алматы көшесі бойымен Мәңгілік Ел даңғылынан Сауран көшесіне дейінгі учаскеде көлік тоннелін салу» жобасы аясында 20 маусымнан бастап осы жылдың соңына дейін Алматы көшесінің Ақмешіт көшесінен Түркістан көшесіне дейінгі бөлігі толық жабылатын болады.

Сонымен қатар, Алматы көшесі мен Ақмешіт көшесінің, сондай-ақ Алматы көшесі мен Түркістан көшесінің қиылыстары ашық болады.

«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады», – делінген Астана әкімдігінің хабарламасында.