$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.07.2020, 22:07
Жаңалықтар

Жолаушылардың азаюына байланысты екі пойыз уақытша тоқтатылды

Бұл екі пойызға билет алған жолаушылар ақшасын қайтарып ала алады

Жолаушылардың азаюына байланысты екі пойыз уақытша тоқтатылды
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда жолаушылар ағымының азаюына байланысты екі пойыз уақытша тоқтайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жайсыз эпидемиологиялық ахуал мен коронавирус инфекциясының таралуын шектеу үшін енгізілген карантин шараларына байланысты жолаушылар ағымы мен пойыздардың толымдылығы азайып кетті. Бұл айтарлықтай шығынға әкеп соқтырады», - деп жазылған хабарламада.

Қаржылық жағдай қиындап кетпеуі үшін компания сұранысы аз Тальгоның коммерциялық екі жолаушылар пойызын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдап отыр. Олар:

  • - № 69/70 «Алматы-2 – Өскемен-1» бағыты (Алматы-2-ден 1 тамызда шығып, Өскемен-1-ге 2 тамызда жететін);
  • - № 69/70 «Алматы-2 – Орал» бағыты (Алматы-2-ден 2 тамызда шығып, Оралға 4 тамызда жететін).

Бұл пойыздарға билет алып қойған азаматтар ақшасын толық қайтарып ала алады.

«Ұлттық тасымалдаушы қабылданған шараларға түсіністікпен қарауға, коронавирус инфекциясы таралып тұрған кезеңде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға, алдын ала алынған билеттер бойынша бағдарларды бақылауға шақырады», - дейді компания өкілдері.

Серіктес жаңалықтары