$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.07.2020, 21:05
Жаңалықтар

Түркістан дәрігерлері пневмониядан өкпесінің қан тамырлары бітелген науқасты аман алып қалды

Науқас босанғаннан кейін вирусты пневмонияға шалдыққан

Түркістан дәрігерлері пневмониядан өкпесінің қан тамырлары бітелген науқасты аман алып қалды
Фото: баспасөз қызметінен

Түркістан облысының 34 жастағы тұрғыны бір ай бұрын босанып, артынша пневмонияға шалдыққан. Вирусты пневмониядан өкпесінің қан тамырлары бітеліп, қан айналымының тоқтауы байқалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық клиникалық ауруханасының дәрігерлері шұғыл түрде 90 минут бойы жансақтау әрекетін жасап, әйелді аман алып қалды. Ол емін толық қабылдап, отбасына оралды.

«COVID-19 немесе вирусты пневмониямен ауырғаннан кейін науқастың толық жазылу мерзімі 14 күннен 6 айға дейін созылады. Қант диабеті, артериялық гипертензия және басқа да созылмалы аурулары бар науқастарда сауығу кезеңі ұзағырақ болады. Сондай-ақ,  көпке дейін бас ауруы, бас айналу, әлсіздік, тершеңдік және тез шаршау белгілері байқалады. Ағзаға үздіксіз күтім керек. Уақытылы демалып, дәрумендерге бай, құнарлы тамақтану арқылы иммунитетті күшейту қажет», - дейді Түркістан облыстық клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Қалия Толшыбаева.

Серіктес жаңалықтары