Ол қарызын қайтармағандарды зорлаған
Қостанай облысының Арқалық қалалық соты «Арайлы Арқалық» YouTube арнасының авторы Қанат Әлімбаевқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Tobolinfo.kz-ке сілтеме жасап.
Тергеу нұсқасына сәйкес, ол әйелдерге қарызға ақша беріп, кейін қарызды өтеу үшін олардан интимдік қатынас талап еткен. Бас тартқан жағдайда оларды зорлағаны айтылды.
Іс материалдарының ерекшелігіне байланысты сот процесі жабық режимде өтті.
Сот мәліметінше, Қанат Әлімбаевқа Қылмыстық кодекстің «Зорлау», «Сексуалдық сипаттағы күш қолдану әрекеттері» және «Жыныстық қатынасқа не өзге де сексуалдық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлеу» баптары бойынша айып тағылған.
Сот шешімімен оған 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Алайда қорғау тарапы үкіммен келіспейтінін мәлімдеп, апелляциялық шағым түсірген. Сондықтан сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.