Каспий теңізінде магнитудасы 3 балл болатын жер сілкінісі тіркелді

Жер сілкінісінің ошағы 48 шақырым тереңдікте орналасқан

Каспий теңізінде магнитудасы 3 балл болатын жер сілкінісі тіркелді
Фото: istockphoto.com

Каспий теңізінің акваториясында кезекті жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының мәліметінше, жер сілкінісі 10 маусым күні жергілікті уақыт бойынша сағат 09:55-те болған.

Жерасты дүмпулерінің магнитудасы 3,0 балды құрады. Жер сілкінісінің ошағы 48 шақырым тереңдікте орналасқан.

Жер сілкінісінің эпицентрі Ақтау қаласынан шамамен 584 шақырым қашықтықта орналасқан. Қазіргі уақытта қирандылар немесе өзге де зардаптар туралы ақпарат түскен жоқ.

Каспий теңізінің акваториясында жыл басынан бері 33 рет жер сілкінісі болды.