10.06.2026, 11:58
Жаңалықтар
Шекарадағы жасырын жүк: Қазақстанға 180 млн теңгеден асатын темекіні заңсыз кіргізбек болғандар ұсталды
Оқиға 8 маусым күні Жамбыл облысындағы шекарада болды
Фото: ҰҚК
Жамбыл облысындағы «Қарасу» автомобиль өткізу пункті арқылы Қазақстанға темекі өнімдерін заңсыз кіргізбек болғандар ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға 8 маусым күні болды. Жүк автокөлігіне 360 мың қорап темекіні жасырып, Қазақстан аумағына заңсыз алып өтпек болған.
Алдын ала бағалау бойынша алынған темекі өнімдерінің құны 180 млн теңгеден асады.
«Тауар одан әрі тексеру жүргізу үшін тиісті органға тапсырылды. Жыл басынан бері ҰҚК Шекара қызметі темекі өнімдерін заңсыз алып өтудің 93 фактісінің жолын кесті, олардың жалпы құны 386 млн теңгені құрады», – делінген ҰҚК хабарламасында.
Көп оқылған
24.10.2026, 08:31
Петропавлда қыз жүріп келе жатқан көліктен секіріп кетіп, басқа көліктің астына түсті
24.10.2026, 12:31
Астанада автобус жүргізушісіне тап берген азамат ұсталды (ВИДЕО)
24.10.2026, 14:42
Алматы облысында жеңіл көлік дүкен ішіне басып кірді (ВИДЕО)
24.10.2026, 06:24
Атыраудағы НЗМ мұғалімі оқушымен хат алмасқаны үшін жұмыстан шығарылды
24.10.2026, 12:13
V Азия Пара ойындары аяқталды: ұлттық құрама 50 медаль еншіледі
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды