Астанада 50-ден асқан ер адам мектеп оқушысын ұрлап кетпек болды (ВИДЕО)
Оқыс оқиға 5 маусым күні күндізгі уақытта болды
Астананың Сарайшық ауданындағы жергілікті мектептердің бірінің маңында белгісіз ер адам 9-11 жас шамасындағы баланы ұрлап, қоршаулардың арасына алып кетпек болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Криминальный Казахстан» Telegram-арнасының мәліметінше, оқиға 5 маусым күні болған. Күдіктінің әрекетін көшеде өтіп бара жатқан адамдар байқап қалған. Олар ер адамды тоқтатып, баланы арашалап алып, полиция шақырған.
Оқиға орнында түсірілген бейнежазбада бала болған жайт туралы қысқаша айтып берген.
«Қысқасы, бір ағай мені ұрлап кетті», – дейді ол.
Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын жедел анықтап, 56 жастағы ер адамды ұстап, аудандық полиция басқармасына жеткізді.
Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ұсталған азаматқа қатысты барлық қажетті процессуалдық іс-шара жүргізіліп жатыр. Баланың заңды өкілі арыз жазудан бас тартқанымен, ер адамның әрекетіне заң аясында құқықтық баға берілетін болады.