Жағдайы күрт нашарлаған ер адам тікұшақпен Қарағандыға жеткізілді
1971 жылы туған азаматқа облыс орталығындағы дәрігерлердің көмегі қажет болған
Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы Қарқаралы ауданынан Қарағанды қаласына шұғыл санитарлық рейс жасады. Әуе кемесінің бортында білікті медициналық көмекке мұқтаж науқас болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазавиақұтқару» АҚ экипажы Қарағанды – Қарқаралы – Қарағанды бағыты бойынша санитарлық авиация шеңберінде арнайы ұшу тапсырмасын орындады. 1971 жылы туған ер адамға облыс орталығындағы мамандардың көмегі шұғыл қажет болған.
«Әуеде ұшу барысында науқастың денсаулық жағдайын арнайы білікті дәрігерлер жіті бақылап отырды. Қызметкерлердіғ үйлесімді жұмысының арқасында ер адам Қарағанды қаласындағы медициналық мекемеге аман-есен жеткізілді», — деп мәлімдеді ТЖМ өкілдері.