28.05.2026, 11:59
Жаңалықтар
Тоқаев Путинді қарсы алды: әскери ұшақтар Ресейдің туын бейнелейтін із тастап ұшты (ВИДЕО)
Олардың кездесуі Тәуелсіздік сарайында өтіп жатыр
Фото: Ақорда
Ақорда Тәуелсіздік сарайында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинді салтанатты қарсы алу рәсімі өткені туралы хабарлама жариялады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Ақорданың мәліметінше, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысын өзі күтіп алды. Мәртебелі мейманның құрметіне Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің әскери ұшақтары Ресей туын бейнелейтін ақ, көк және қызыл түсті жолақтардан із тастап ұшты.
«Осыдан соң Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин бір біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды», – делінген Ақорданың хабарламасында.
Көп оқылған
26.11.2026, 11:04
«Жейдесінің сау тамтығы қалмаған»: Атырауда әйелін 28 жерінен пышақтаған ер адамның сотында сұмдық айғақтар жария болды
26.11.2026, 09:05
Бүгін түнде Алматыда бес адам, соның ішінде бір бала тірідей жанып кетті
26.11.2026, 14:30
«Папам мамама пышақ тықты»: Атырауда әкесі үш жасар қызын бір тәулік бойы мәйіттің жанына жалғыз тастап кеткен
26.11.2026, 06:23
Ақтөбеде ауладағы шуға бола жасөспірімді ұрған ер адам сотталды
