Аптап ыстық пен нөсер: 27 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
Елдің оңтүстігінде, батысында және орталығында жаңбыр жауып, найзағай болады, кей жерде нөсер күтіледі. Солтүстікте аптап ыстық сақталып, ауа температурасы 33 градусқа дейін көтеріледі
27 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронт әсерінен жаңбыр жауып, найзағай болады. Ең күрделі ауа райы елдің оңтүстігінде күтіледі. Бұл өңірлерде кей жерде нөсер жаңбыр, бұршақ және екпінді жел болжанып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Ал солтүстік және шығыс өңірлерде күндіз ауа температурасы +30…+33 градусқа дейін көтеріледі.
Астанада күн ала бұлтты болады. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +30…+32°C.
Алматыда күн ала бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады, кешке қарай кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +25…+27°C.
Шымкентте күн ала бұлтты. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай, дауыл болады. Түнде және таңертең қатты жаңбыр мен бұршақ күтіледі. Күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +25…+27°C.
Ақтауда күн ала бұлтты. Таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Кей уақытта жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +18…+20°C.
Ақтөбеде бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +22…+24°C.
Атырауда күн ала бұлтты. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел екпінді болады. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +20…+22°C.
Жезқазғанда күн ала бұлтты. Таңертең және күндіз жаңбыр жауып, кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +25…+27°C.
Қарағандыда күн ала бұлтты. Аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +29…+31°C.
Көкшетауда күн ала бұлтты. Күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +28…+30°C.
Қонаевта күн ала бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +26…+28°C.
Қостанайда күн ала бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +31…+33°C.
Қызылордада күн ала бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай, дауыл болады. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +27…+29°C.
Павлодарда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +30…+32°C.
Петропавлда күн ала бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +28…+30°C.
Семейде күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +9…+11°C, күндіз +29…+31°C.
Талдықорғанда күн ала бұлтты. Күн соңында аздаған жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +28…+30°C.
Таразда күн ала бұлтты. Таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай мен бұршақ болады. Таңертең және күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +25…+27°C.
Түркістанда күн ала бұлтты. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай және дауыл күтіледі. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +27…+29°C.
Оралда күн ала бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +18…+20°C.
Өскеменде күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +7…+9°C, күндіз +27…+29°C.