Алматыда сотталып, бостандыққа шыққан ер адам 30-дан аса ұялы телефон ұрлаған
Ұялы телефон ұрлаумен айналысқан 12 қылмыстық топ қолға түсті
Ішкі істер министрлігі Қазақстанда ұялы телефон ұрлығы мен қалта ұрлығы жыл басынан бері ұялы телефон ұрлығы 40 пайызға азайғанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ведомство дерегіне сүйенсек, полицейлер осындай 900-ден астам қылмыстың бетін ашып, қолды болған телефондар иелеріне қайтарылды. Тиісінше, 700-ден астам адам жауапқа тартылды. Сондай-ақ ұялы телефон ұрлығымен айналысқан 12 қылмыстық топ қолға түсті.
Ұрланған техниканы сататын орындарға ерекше назар аударылып отыр. Мәселен, Алматыда осыған дейін сотталып, бостандыққа шыққан ер адам ұсталды. Күдіктіден ұрланған телефон 30-дан астам табылды.
«Ұрланған мүлікті сатып алу және қайта сату қылмыстық жауапкершілікке әкеледі. Полицейлер азаматтарды қоғамдық орындар мен көлікте жеке заттарына мұқият болып, сақ жүруге шақырады. Заң мен тәртіп әр адамның жеке жауапкершілігінен басталады», – делінген ІІМ хабарламасында.