«Арасында шетел азаматы бар»: Шығыс Қазақстан облысында заңсыз алтын қазған бір топ адам ұсталды
Олар 4 адам болған, арасында Өзбекстан азаматы да бар
Шығыс Қазақстан облысында заңсыз алтын өндіргендер ұсталды. Бұл туралы облыстың прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дереккөзге сүйенсек, биыл сәуір айында Маралды ауылдық округіне қарасты «Көлшілік» учаскесінде заңсыз алтын өндіріп жүрген төрт адам ұсталған.
«Олар пайдалы қазбаны арнайы ауыр техника және спутниктік байланыс құралдарын пайдаланып іздеген. Оқиға орнында 4 адам ұсталды. Олардың арасында Қазақстанның шығыс өңірінде заңсыз жүрген Өзбекстан азаматы да бар. Тергеу барысында шынжыр табанды экскаватор, автокөлік, мотоцикл, қымбат металл іздегіш құралдар, қол саймандары және өзге де жабдықтар тәркіленді», – деп хабарлады ШҚО прокуратурасы.
Қазір осы фактіге қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.