22 мамырда Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Жаңбыр, найзағай, тұман күтіледі, солтүстік пен шығыста үсік жүреді
Синоптиктер 22 мамырға Астана, Алматы қалалары мен еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жариялады. Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей өңірлерде тұман түсіп, солтүстік пен шығыста үсік жүреді, жел күшейеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада түнде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында 3 градус үсік болуы мүмкін. Көкшетауда түнде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын жел облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде секундына 15–20 метрге дейін күшейеді.
Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел түнде облыстың оңтүстігінде секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында 2 градус үсік жүреді.
Павлодар облысының солтүстігінде түнде тұман күтіледі. Түнде облыстың батысы мен солтүстігінде 3 градус үсік жүреді.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде секундына 15–20 метрге дейін күшейеді, түнде оңтүстігінде кей уақытта 23 м/с болады. Түнде облыстың солтүстігінде 1 градус үсік жүреді. Қарағанды қаласында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15 м/с-қа жетеді.
Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с, оңтүстігінде кей уақытта 23 м/с болады. Жезқазғанда солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын жел облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде 15–20 м/с, екпіні 23 м/с болады. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік жүреді. Өскеменде күндіз ауа температурасы 13–15 градусқа дейін төмендейді, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15–18 м/с болады.
Абай облысының солтүстігі мен шығысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстіктен соғатын жел облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде 15–20 м/с, екпіні 23 м/с болады. Түнде облыстың солтүстігінде 2 градус үсік жүреді. Семейде күндіз ауа температурасы 13–15 градусқа дейін төмендейді.
Алматы облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік және таулы аудандарда кей уақытта қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, дауыл болуы мүмкін. Шығысында түнде желдің екпіні 23–28 м/с-қа дейін жетеді. Батысында төтенше, солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Іле Алатауының таулы аймақтарында қатты жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ пен дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с болады.
Алматыда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Желдің екпіні 15–18 м/с болады. Қонаевта жаңбыр, найзағай күтіледі, желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында және таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз таулы аймақтарда қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың оңтүстігі мен шығысында 15–20 м/с, кей уақытта 23–28 м/с болады. Талдықорғанда таңертең және күндіз кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде және таулы аймақтарында түнде жаңбыр жауып, найзағай болады, кей уақытта қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, дауыл соғады. Күндіз де жаңбыр, найзағай күтіледі, батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болуы мүмкін. Таулы аймақтарда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15–20 м/с, екпіні 23 м/с болады. Таразда кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15–20 м/с-қа жетеді.
Түркістан облысында болжанған жаңбырларға байланысты, кей уақытта қатты жауын-шашын салдарынан таулы және тау бөктеріндегі аудандарда өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін. Соның салдарынан су жайылып, аумақтарды су басу қаупі бар.
Қызылорда облысының шығысында түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнап, дауыл соғады. Облыстың солтүстігі мен орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел 15–20 м/с болады. Қызылорда қаласында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында және орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың оңтүстігінде, шығысында және орталығында 15–20 м/с, кей уақытта 23 м/с болады.
Атырау облысының шығысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыстан және шығыстан соғатын жел облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде 15–20 м/с болады. Атырауда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан және шығыстан соғатын желдің екпіні 15–18 м/с-қа жетеді.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында жаңбыр жауып, найзағай болады. Батысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында және орталығында шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысатын жел облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде және орталығында 15–20 м/с болады. Ақтауда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында күндіз шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан соғатын жел күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.