Бүгін, 15:35
Жаңалықтар
Бақтияр Қожа мен Азат Сейітметов «Қазақстанның халық әртісі» атанды (ВИДЕО)
Мемлекет басшысының жарлығымен наградталған өнер иелерінің аты-жөні жарияланды
Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен мәдениет саласындағы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін наградталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Отан» орденімен
- Бурмистрова Татьяна Николаевна – «Ұлттық өнер» ЖШС директоры, Алматы қаласы.
ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен
- Жүнісова Мақпал Мұхамедьярқызы – «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы» РМҚК солисі, Астана қаласы.
ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен
- Ганцева Марина Юрьевна – Михаил Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театры» РМҚК актрисасы, Алматы қаласы.
«Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы берілді
- Қожа Бахтияр Абдуллаұлы – «Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры» РМҚК әртісі, Алматы қаласы;
- Макарова Нина Матвеевна – «А.П.Чехов атындағы Павлодар облыстық драма театры» КМҚК актрисасы;
- Сейітметов Азат Райымбекұлы – «Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры» РМҚК актері, Алматы қаласы.
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді
- Бейсембаев Ерлан Ғабитұлы – «Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры» РМҚК симфониялық оркестрінің бас дирижері, Астана қаласы;
- Бекенов Нұрлан Алданышбайұлы – Астана қаласы әкімдігінің «Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония» МКҚК қазақ оркестрінің дирижері;
- Жармағамбетов Расул Қайратұлы – «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры» КеАҚ жетекші солисі;
- Исмайылов Өмірәлі Дәуренбекұлы – «Астана қаласының суретшілер одағы» ҚБ төрағасы;
- Қалиев Серік Әкрамұлы – «Алатау» дәстүрлі өнер театры» КМҚК қызметкері, Алматы қаласы;
- Овчинников Олег Николаевич – Қазақстанның Православ Шіркеуі Митрополиттік хорының регенті (бас дирижері);
- Олексенко Игорь Владимирович – «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ доценті, Алматы қаласы;
- Тоқымтаев Базарбек Сләмбекұлы – «Б.Римова атындағы Академиялық драма театры» МКҚК актері, Талдықорған қаласы.
«Парасат» орденімен
- Әбілханова Салтанат Аябекқызы – «Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті» РММ аға оқытушысы, Астана қаласы;
- Ким Римма Ивановна – «Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры» РМҚК актрисасы, Алматы қаласы;
- Тұржан Оңайгүл Ізтұрғанқызы – Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ доценті, Астана қаласы.
ІІ дәрежелі «Достық» орденімен
- Кюршад Зорлу – Түркия Республикасының Әділдік және даму партиясы төрағасының орынбасары.
«Құрмет» орденімен
- Бахаров Дилмурат Нурахметович – «Құдыс Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры» РМҚК директоры, Алматы қаласы;
- Дайыров Сәбит Сергебайұлы – «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры» КеАҚ концертмейстері;
- Дияров Ермек Сатыбалдыұлы – «Дервиши» тобының қатысушысы, Алматы қаласы;
- Жүгінісов Құрманбек Далабекұлы – «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы» РМҚК әртісі, Алматы қаласы;
- Қабыкенова Айнаш Жақсылыққызы – «Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясы» МКҚК М.Төлебаев атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің әртісі-аспапшысы;
- Қалиева Ая Жәкенқызы – «Александр Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі» РМҚК директоры;
- Мәжит Асан Маратұлы – «Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры» РМҚК актері, Алматы қаласы;
- Оразбеков Дастан Дәрібайұлы – әнші, Астана қаласы;
- Өтепберген Аян Өмірәлі – Астана қаласы әкімдігінің «Музыкалық жас көрермен театры» МКҚК актері;
- Рахмет Сұраған – ақын, Астана қаласы;
- Салықов Медет Тілеубекұлы – «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы» РМҚК әртісі, Астана қаласы;
- Сұлтанов Сүндет Нұрланұлы – «Астана Балет» театры» ЖШС жетекші солисі;
- Төлегенов Нұрлан Құрманәліұлы – «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі» РМҚК әртісі, Алматы қаласы.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен
- Әшім Әлия Мейрамғазықызы – журналист, Астана қаласы;
- Көпберген Жасұлан Ерболұлы – театр және кино актері;
- Сағындықова Ләззат Құдайбергенқызы – Алматы қаласы Мәдениет басқармасының «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК директоры;
- Сәдірбаев Нұржас Майрамбекұлы – Астана қаласы әкімдігінің «Музыкалық жас көрермен театры» МКҚК актері.
«Шапағат» медалімен
- Безаубек Сәния Серікқызы – «Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ басшысы
- Крапп Мария Владимировна – суретші, Тараз қаласы
- Лутошкина Марина Васильевна – «Семья Лутошкиных» бастамашыл тобының волонтері
- Малышева Ольга Витальевна – театр шолушысы, Алматы қаласы
- Сапорито Ренато – «Magister Art» президенті.
Көп оқылған
20.05.2026, 09:29
Алматыдағы клубтардың бірінде жартылай жалаңаштанған әнші аузына келген сөздерді айтты (ВИДЕО)
20.05.2026, 09:53
Қасымбек пен Головкин қол алысты: келесі жылы Астанада бокстан әлем чемпионаты өтетін болды
20.05.2026, 15:30
Көкшетауда тағы бір әйел тротуарда келе жатқан анасы мен баласын көлігімен басып кетті (ВИДЕО)
20.05.2026, 10:25
«Арсенал» араға 22 жыл салып, әрең дегенде Англия чемпионы атанды