Апамның шәйі, Аль-Кайрат: Қазақстанда бірнеше шай түріне қойылған тыйым алынды
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті осындай шешім қабылдады
Қазақстанға бірқатар шай өнімдерін әкелу мен өткізуге қойылған шектеулер алынып тасталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «Orda Trade Astana» ЖШС-нің бірқатар шай өнімдерін әкелу мен өткізуге қойылған шектеулерді алып тастады.
«Шешім өнімнің өндірісі мен айналымының барлық кезеңінде сәйкестендіру мен қадағаланушылықтың қамтамасыз етілгенін растайтын материалдарды қарау нәтижелері бойынша, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық сараптама қорытындылары негізінде қабылданды», – делінген комитет хабарламасында.
Шектеулер Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес алынып тасталды.
Өнімдер тізбесіне мыналар енгізілді:
- «Апамның шәйі Premium gold»;
- «Орда Кения»;
- «Аль-Кайрат шәйі Premium gold».