Жол 22-31 шілде аралығында жабық болады
Елордадағы Арнасай және Жаңа әуежай көшелері 31 шілдеге дейін жартылай жабылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Орташа жөндеу аясында Арнасай көшесінде Қабанбай батыр даңғылынан Жаңа әуежай көшесіне дейін жол-құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Сондай-ақ Жаңа әуежай көшесінде Қабанбай батыр даңғылынан Арнасай көшесіне дейінгі учаскеде де жөндеу жұмыстары жүргізіледі», - деп жазылған хабарламада.
Осыған байланысты 22-31 шілде аралығында қозғалысты ішінара жабу жоспарлануда.
«Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», – деп хабарлады қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.