22.07.2020, 04:26
Жаңалықтар
Көбейтұз 49 жылға жалға берілмейтін болды
Көл конкурс тізімінен алынды
Фото: ашық дереккөзден
Көбейтұз көлі 49 жылға рекреациялық мақсатта жалға берілмейтін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ақмола облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына сілтеме жасап.
Облыстық басқарма бұған дейін жарияланған конкурстың бірінші тармағы алынып тасталғанын айтты.
«Ақмола облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы рекреациялық мақсатта жалға беру бойынша конкурс тізіміндегі су объектілері арасынан Көбейтұз көлін алып тастады», - деп жазылған хабарламада.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін күлгін түсті Көбейтұзды 49 жылға жалға беру үшін конкурс жарияланғанын жаздық. Конкурс 27 шілде күні өтуі керек еді.
Көп оқылған
08.11.2026, 06:26
"Жаңа вирус": Вьетнамға ТМД елдерінен барған туристер белгісіз ауруға шалдығып жатыр
Бүгін, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
08.11.2026, 21:44
Әкесі қызын ернінен сүйген: Өскеменде елді дүрліктірген видеоға қатысты тексеру басталды
08.11.2026, 08:31
«Қымбат махаббат»: Астаналық әйелдің бұрынғы сүйіктісі телефонын ұрлап, 2,65 млн теңге несиеге батырып кетті
08.11.2026, 11:00
Астанада тұрғын үйден өрт шығып, 25 адам эвакуацияланды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды