Бурабай мен Зеренді 24 шілдеден бастап карантинге жабылады
Ақмола облысының туристік аймақтары 3 тамызға дейін жабық болады
Коронавирустың таралуы мен өсуіне, демалушылар арасында азаматтық жауапкершіліктің төмен деңгейіне байланысты карантин шаралары күшейтілді. Осыған орай Ақмола облысының туристік аймақтары 2020 жылғы 24 шілде сағат 00:00-ден 3 тамыз сағат 00:00-ге дейін жабылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі.
Туристік аймақтарға кіру кезінде периметрі бойынша блок-бекет орнатылады және автокөлік қозғалысы шектеледі.
«Шектеуге дейін келген туристер қонақ үйлер мен курорттық шипажайлардағы нысандарда қалады. Демалыс аймағында жүрген адамдар маска тағу тәртібі мен әлеуметтік қашықтық ережесін сақтауы қажет. Шектеу енгізілген соң қонақ үйлерге өтінімдерді қабылдауды жүргізуге тыйым салынады. Мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін санаториялық-курорттық нысандар күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, жұмысын жалғастырады», - деп хабарлады облыстың туризм басқармасы.
Сондай-ақ жалға алынған жағажайлар, сауналар, қонақ үйлер жанындағы бассейндер қызметіне де тыйым салынады.