Ескі көліктердің үлесі басым: Қазақстандағы әрбір екінші автокөлік 20 жыл бұрын шыққан

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы көліктердің жағдайынан хабардар етті

Ескі көліктердің үлесі басым: Қазақстандағы әрбір екінші автокөлік 20 жыл бұрын шыққан
Фото: Azattyq Rýhy

Қазақстандағы көліктердің жартысына жуығы кемінде 20 жыл бұрын шыққан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлттық статистика бюросының 2026 жылғы сәуірде 176,5 мың автокөлік құралы есепке қойылды. Оның ішінде 154,2 мыңы – жеңіл автомобильдер, 11,3 мыңы – жүк көліктері, 1,5 мыңы - автобустар, 1,9 мыңы – мото көлік, 4,4 мыңы – тіркемелер және 3,3 мыңы – өзге көлік құралдары.

«2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 5 981,6 мың автокөлік құралы тіркелген. Оның 83,9% – жеңіл автомобильдер, 8,2% – жүк көліктері, 4,4% – тіркемелер, 1,5% – автобустар, 1,2% – мото көлік және 0,8% өзге көлік құралдары құрайды. Автопарктің жас құрылымы бойынша 20 жылдан асқан көлік құралдарының үлесі басым – 45,1%. Ал 10 жылдан 20 жылға дейінгі көліктер - 26,6%, 3 жылдан 7 жылға дейінгілері – 9,4%, 7 жылдан 10 жылға дейінгілері – 4%, 3 жылдан аз уақыт пайдаланылған көліктер – 14,6%, ал 0,3% – өзге санатқа жатады», – делінген хабарламада.

Бюро мәліметінше, 20 жылдан асқан автокөліктердің ең көп саны Алматы облысында – 337,9 мың бірлік, Алматы қаласында – 226,7 мың бірлік, Жамбыл облысында – 206,3 мың бірлік және Қарағанды облысында – 192,8 мың бірлік тіркелген.

Мақалада
#автокөлік #көлік