16 мамыр ма әлде 17 мамыр ма? - Астанада LRT нақты қай күні ашылатыны белгілі болды

Елорда тұрғындары жеңіл рельсті көлікпен алғаш рет демалыс күндері қатынай алады

16 мамыр ма әлде 17 мамыр ма? - Астанада LRT нақты қай күні ашылатыны белгілі болды
Фото: gov.kz

Астанада жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесінің іске қосылу күні белгілі болды. Бұл туралы елорда әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ертең дайындық жұмысы тағы бір күн жалғасады. Одан кейін пайдалана аласыздар», – деді Өтебаев Парламент палаталарының бірлескен отырысы кулуарында.

Осылайша, елорда тұрғындары LRT қызметін 17 мамырдан бастап пайдалана алады.