Маңғыстау жолдарында жүргізушілерге арналған лазер пайда болды
Жаңа нысан заманауи талаптарға сай жабдықталған
Маңғыстау облысындағы тасжолда жүргізушілерге арналған лазерлік жүйе пайда болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәліметінше, ерекше технология түнгі уақытта қолданылады және ұзақ жолда көлік жүргізушілерінің назарын сергек ұстауға арналған. Лазерлік бағдаршамдар жүргізушінің шаршау қаупін азайтып, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға көмектеседі.
Сонымен қатар Бейнеу – Ақжігіт ақылы автожолының 85-шақырымында, «Тәжен» бақылау-өткізу бекетінің маңында жүргізушілер мен жолаушыларға арналған заманауи санитарлық-гигиеналық кешен ашылды.
Жаңа нысан заманауи талаптарға сай жабдықталған және жол бойындағы сервисті жақсартуға бағытталған.
Жоба әсіресе транзиттік және жүк тасымалы көліктері үшін маңызды. Себебі «Тәжен» бекеті маңындағы жол учаскесі ең қарқынды қозғалыс бағыттарының бірі саналады.