Ақмола облысында қария әйел адамның алаяқ екенін білмей, 8 млн теңге аударып жіберген

Ол оған ұзақ уақыт көмектесіп келген

Ақмола облысында қария әйел адамның алаяқ екенін білмей, 8 млн теңге аударып жіберген
Фото: ЖИ арқылы жасалды/Google Gemini

Ақмола облысында әйел адам зейнеткердің алдап, қолындағы 8 миллион теңгеге жуық ақшасы алып кетті. Полиция қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық ПД мәліметінше, 8 мамырында Степногорск қаласының полиция басқармасына жергілікті тұрғын жүгінді. Ер адам 2024 жылдың ортасында танысқан әйелге ұзақ уақыт материалдық көмек көрсетіп келгенін мәлім етті.

Зейнеткердің айтуынша, әйел әртүрлі қиындықтары туралы айтып, ақша сұраған. Ер адам сеніп, бірнеше рет ақша аударып, қолма-қол ақшалай да көмектескен. Ол қызы қатты ауырып, күйеуі қайтыс болған немесе денсаулығы жоқ әйелге көмектесіп жатырмын деп ойлаған. Айтуынша, көмек сұрауға сылтау көп болған. Нәтижесінде жалпы шығын шамамен 8 миллион теңгені құрады.

Жағдайды білген зейнеткердің балалары полицияға жүгінген. Тексеру барысында полиция қызметкерлері әйел адамның жеке басын анықтады. Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Ақмола полицейлері азаматтардан барынша мұқият болуды және материалдық көмек көрсетер алдында берілген ақпараттың дұрыстығын тексеруді сұрайды», – делінген облыстық ПД хабарламасында.