Жаңбыр, найзағай, үсік: 13 мамырға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер күн райының құбылмалы болатынын ескертті

Жаңбыр, найзағай, үсік: 13 мамырға арналған ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com

13 мамыр күні атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай болады,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Түнде Шығыс Қазақстан облысында 1–6 градус үсік күтіледі. Абай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Алматы облыстарында және Жетісу облысының таулы аудандарында 1–3 градус үсік болады.

Астанада күн құбылмалы болады, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпінді. Ауа температурасы түнде +5…+7°C, күндіз +14…+16°C.

Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +5…+7°C, күндіз +17…+19°C.

Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +25…+27°C.

Ақтөбеде күн аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +7…+9°C, күндіз +23…+25°C.

Ақтауда күн ала бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр жауады, жел екпінді болады. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +25…+27°C.

Атырауда күн аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел екпінді. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +28…+30°C.

Жезқазғанда күн ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +5…+7°C, күндіз +21…+23°C.

Қарағандыда күн ала бұлтты, таңертең және күндіз кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +4…+6°C, күндіз +13…+15°C.

Көкшетауда күн ала бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Ауа температурасы түнде +3…+5°C, күндіз +16…+18°C.

Қонаевта күн ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +5…+7°C, күндіз +18…+20°C.

Қостанайда күн ала бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +5…+7°C, күндіз +17…+19°C.

Қызылордада күн ашық болады. Күндіз шаңды дауыл көтеріліп, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +25…+27°C.

Павлодарда күн ала бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +3…+5°C, күндіз +14…+16°C.

Петропавлда күн ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +3…+5°C, күндіз +16…+18°C.

Семейде күн ала бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +1…+3°C, күндіз +13…+15°C.

Талдықорғанда күн ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +1…+3°C, күндіз +17…+19°C.

Таразда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +7…+9°C, күндіз +21…+23°C.

Түркістанда күн ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Жел екпінді болады. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +28…+30°C.

Оралда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +24…+26°C.

Өскеменде күн ала бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +2…+4°C, күндіз +13…+15°C.