«Балапан» продюсері бала күнімде зорлады»: телеарна желідегі оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Әлеуметтік желідегі оқиға елді елең еткізді

«Балапан» продюсері бала күнімде зорлады»: телеарна желідегі оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Әлеуметтік желіде Нұрғали Нұрман есімді ер адам бала күнінде «Балапан» телеарнасының продюсер бағдарламаларға түсіргені үшін зорлағанын айтып, елді елең еткізді. Осыған қатысты «Балапан» телеарнасы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Балапан» телеарнасы аталмыш оқиға бойынша штат құрамында ешқандай продюсер жұмыс істемегенін ресми мәлімдеді.

«Әлеуметтік желіде Нұрғали Нұрман есімді азаматтың мәлімдемесіне қатысты төмендегіні хабарлайды. 2010 жылғы 27 қыркүйекте ашылған «Balapan» телеарнасының штатында ер адам «продюсер» қызметін атқармаған. Кейін желі қолданушысы өз мәлімдемесінде айтылған жайттардың «Balapan» телеарнасында емес, коммерциялық жобаға қатысты болғанын нақтылап, жаңа бейнежазба жариялады және арна ұжымынан кешірім сұрады. «Балапан» телеарнасы азаматтарды тек ресми әрі тексерілген ақпаратқа сүйенуге шақырады», – делінген телеарна мәлімдемесінде.

Айта кетейік, осыған дейін Нұрғали Нұрман бала күнінде көкесі «Балапан» телеарнасында жұмыс істеп, өзіне көмектескені үшін арам ойын іске асырған.

«Негізі бұл әңгімені айтқым келмеген. Бірақ айтатын уақыт келді. Көкем «Балапан» телеарнасының продюсері болатын. Сол уақыттары қазақстандық телесериалдарға түскім келетін. Сол көкемнің көмегімен кастингтерден өттім, массовкаларға түстім. Уақыт өте келе сериалдардағы басты рөлдерді, екінші санатты рөлдерді алып беруге көмектесті. Ақырындап теледидардан көрсете бастады. Мен ол кісімен жақын араласпағанмын. Бар білетінім, үйімізге қонаққа келетін. Бір күні жұмыстан кейін үйіме жеткізіп саламын деп өзінің кабинетіне шақырып алды. Міне, сол кезде киімімді шештіріп, өзі де шешініп, арам ойын орындады», – деген жас жігіттің видеосы әлеуметтік желіде желдей есіп тұр.