«Бір қазақтың жұмысын бес вьетнамдық әрең істейді»: продюсер қазақ халқының еңбекқорлығы шетелдіктерді тәнті еткенін айтты

Бұл пікірді ол Вьетнам еліндегі түсірілім кезінде естіген 

Журналист Айнұр Асанбердіге сұхбат берген кинопродюсер Нұргүл Даубаева Вьетнамдағы түсірілім кезінде жергілікті халық қазақтардың жұмыс қарқынына таң қалғанын айтты, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Бізге жиналыс жасап, «ақшасын 15 есе төлесеңіздер де, түнгі түсірілімге шықпаймыз» деді. «Сендер қазақтар шаршамайды екенсіңдер. Бір қазақтың істеген жұмысын бес вьетнамдық әрең істейді. Біздің жігіттердің жүрегі қағып, қан қысымы көтеріліп жатыр»деп ашық айтты», – дейді Даубаева.

Оның сөзінше, вьетнамдық мамандар мұны қазақтардың өмір салтымен және тамақтану ерекшелігімен байланыстырған.

«Сендер жылқы етін жейсіңдер, шошқа етін жемейсіңдер. Сол себепті шыдамдысыңдар, содан да болар, шаршамайсыңдар деді», – дейді продюсер.

Даубаеваның айтуынша, халықтардың тарихи тағдыры мен ұлттық мінезінде де айырмашылық бар. Мәселен вьетнамдықтар 40 жыл Америкамен соғысса да табиғи қалпы сол баяу болып қалған. Бойларында ұрпақтан-ұрпаққа берілетін ішкі үрей, қорқыныш сақталмаған.

«Біз де ашаршылық пен қуғын-сүргінді бастан өткердік. Бірақ менің түсінгенім, негізі ДНҚ тұрғысынан бізде мықтылық қанда бар-ау деймін. Ішкі үрейден бөлек өзіміздің ұлттық ерекшелегіміз бар сияқты», – деді Даубаева.

Мақалада
#ДНҚ #қазақ