Қызыл кітапқа енген бақбақ гүлін жұлғандар 12 млн теңгеге дейін айыппұл арқалайды – вице-министр

Бұл гүлдің Қызыл кітапқа енген сорты көбіне оңтүстікте өседі

Қызыл кітапқа енген бақбақ гүлін жұлғандар 12 млн теңгеге дейін айыппұл арқалайды – вице-министр
Фотоколлаж: Әбілқасым Есентаев/Azattyq Ruhy

ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев бақбақтың қандай түрін жұлғандарға айыппұл салынатынын түсіндірді, деп хабарлайды 

«Мысалы, кейбір ерекше қорғалатын, Қызыл кітапқа енген бабақ болса, жұлуға тыйым салынған. Мұндай өсімдіктер сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлерге жатады. Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді заңсыз теріп алғандарға айыппұл қарастырылған. Қазіргі таңда мұндай құқық бұзу үшін 3 мың айлық есептік көрсеткішке (12.9 млн теңге) дейін айыппұл салынады. Бұл мөлшер 2019 жылы депутаттардың бастамасымен он есеге артқан», - деді Нұркен Шәрбиев.

Оның айтуынша, кейбір сирек өсімдіктердің аз мөлшерде жойылуының өзі олардың толық жоғалып кетуіне әкелуі мүмкін. Сондықтан оларды қорғау маңызды міндеттердің бірі.

«Ал қарапайым бақбақ (одуванчик) сияқты өсімдіктердің көпшілігі Қызыл кітапқа кірмейді, яғни оларды жұлғаны үшін арнайы шектеу жоқ. Ал сирек түрлері көбіне оңтүстік аймақтарда кездеседі», - деді ол.