11.05.2026, 16:13
Жаңалықтар
Елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады
Елдің көп бөлігінде температура күрт төмендейді
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев
2026 жылдың 12–14 мамырына арналған ауа райы болжамы жарияланды. Скандинавия аудандарынан келген антициклон республиканың барлық аумағында температураның күрт төмендеуіне себеп болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Қазақстан аумағына келген антициклон суық ауа массаларымен толығып, алдағы күндері де өз әсерін сақтайды. Температураның төмендеуі еліміздің солтүстік, шығыс және орталық өңірінде байқалып, түнгі уақытта ауа температурасы күрт төмендейді. Ал оңтүстік-шығыс өңірлерде антициклонның жылжуына байланысты 13 мамырға қараған түні үсік жүруі мүмкін.
Ауа райының күрт суытуы мен түнгі үсіктерге байланысты мамандар сақтық шараларын ескеруді сұрайды.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді
25.09.2026, 10:39
Каспий теңізіндегі әскерилердің қазасы: соңғы екі сарбаздың мәйіті табылды (ВИДЕО)
25.09.2026, 11:52
Алматы тауларына қыркүйекте қар жауды (ВИДЕО)