Президент әлемдік рекорд орнатқан Әсем Орынбайға арнайы құттықтау жолдады

Президент қазақстандық спортшының Әлем кубогі, Азия чемпионаты мен Азия ойындарындағы жетістіктерін жоғары бағалады

Президент әлемдік рекорд орнатқан Әсем Орынбайға арнайы құттықтау жолдады
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Мемлекет басшысы стенд атудан Алматыдағы Әлем кубогі кезеңінде жеңіске жеткен Әсем Орынбайды құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік рекордты жаңартып, жеңіс тұғырына көтерілген спортшы асқан шеберлік танытқанын атап өтті. 

Мемлекет басшысының айтуынша, Әсем Орынбайдың Әлем кубогі кезеңіндегі, сондай-ақ Азия чемпионаты мен Азия ойындарындағы табысты өнері елімізде нысана көздеу спортының даму деңгейі жоғары екенін көрсетеді.

Еске салайық, спортшы Әсем Орынбай Алматыда өткен стенд атудан Әлем кубогі кезеңінде алтын жеңіп алды.