$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.07.2020, 21:39
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанға COVID-19 бен пневмонияны емдеуге арналған дәрі-дәрмек жеткізілді

Бір апта ішінде қалаға 80 тонна дәрі-дәрмек жеткізілді

Нұр-Сұлтанға COVID-19 бен пневмонияны емдеуге арналған дәрі-дәрмек жеткізілді
Фото: astana.gov.kz

Нұр-Сұлтанға COVID-19, пневмония және басқа да ауруларды емдеу үшін қажетті дәрі-дәрмек партиясы жеткізілді. Қосымша тағы 300 мың қорап дәрі-дәрмек әкелінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бір апта ішінде қалаға 80 тонна дәрі-дәрмек жеткізілді. Жүк тексеріліп болған соң, дәрі-дәрмектер қоймаларға, ірі дәріхана желілеріне 1-2 күн ішінде түседі. Бұл гуманитарлық көмек емес, оларды дәріхана желілерінің дистрибьюторлары сатып алған.

«Әкімдік дәрі-дәрмек сатып алу үшін айналым қаражатын бөліп, тасымалдауға көмектеседі. Ауруханалар мен емханаларға коронавирус пен пневмонияны емдеу үшін қосымша медициналық жабдықтар түсті: 150 флуометр, 350-ден астам оттегі концентраторы. Таяу күндері тағы өкпені жасанды желдетуге арналған 50 аппарат, 250-ден астам оттегі концентраты, 350 флуометр, 2 компьютерлік томограф және басқа жабдықтар келіп түседі», - деп жазылған ақпаратта.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, қалаға дәрі-дәрмектерді уақтылы жеткізу тұрақты түрде жүргізіледі.

Серіктес жаңалықтары