05.05.2026, 12:29
Жаңалықтар
Жеке бақылауымда – Үкімет басшысы «Қазцинк» зауытындағы жарылыс туралы
Өскемендегі «Қазцинк» зауыты аумағында жарылыс болды
Фото: Видеодан скрин
Премьер-министр Олжас Бектенов Өскемендегі «Қазцинк» зауытындағы жарылысқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бүгін таңертең Өскемендегі жарылыс бойынша қажетті тапсырмалар бердім. Төтенше жағдайлар министрлігі, экология департаменттері және облыс әкімдігі тиісті шаралар қабылдап, маған баяндауы тиіс. Бұл мәселе менің жеке бақылауымда болады», – деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.
Айта кетейік, ҚР ТЖМ мәліметінше, шаң ұстау цехында шаң ұстау құрылғысынан шыққан газ-ауа қоспасы салдарынан жарылыс болып, кейін нысанның бір бөлігі опырылған. Апаттан кейін Өскемен қаласын аяқасты бұлт басқаны хабарланды. Көп ұзамай 5 адам жараланып, 2 адам қаза тапқаны белгілі болды.
Көп оқылған
03.08.2026, 09:13
«Сені зорлап тастаймын»: Ақтауда жартылай жалаңаш ер адам бойжеткенге шабуыл жасады (ВИДЕО)
03.08.2026, 11:51
Ата-анасы жалғыз ұлынан, бала-шағасы асыраушысынан айырылды: Жамбыл облысында ер адамды атып өлтіріп кетті
03.08.2026, 08:27
Ақтаудағы Каспий теңізінде үрлемелі шеңбермен жүзіп жүрген жас жұпты ағыс алып кетті
03.08.2026, 10:17
Шекарада мыңдаған шетелдіктің қылмысы анықталды: ҰҚК өткен айда ел қауіпсіздігіне қаншалықты қауіп төнгенін жариялады